18.04.2024, 23:30

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

Фото: Pixabay

Жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болды.

Түркия астанасы Анкарадан солтүстік-шығысқа қарай 368 шақырым жерде орналасқан Токаттың Сұлусарай ауданында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, сағат 18:11-де жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай аймағында 5,6 балдық жерасты дүмпуі тіркелген.

Жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болды. Көрші провинцияларда да сезілді.

AFAD жер сілкінісінің айналасындағы оқиғаларды бақылап жатқанын жеткізді.