$ 443.44  480.51  4.88

Еуропада Құран кітабы тағы өртелді (ВИДЕО)

Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Стокгольмда кезекті акция кезінде шведтік белсенді Джейд Сандберг Құранды өртеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

Vesti.ru сайтының жазуынша, Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы  бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.   

Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.   

Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген.

Енді қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні «Евровидение» музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтеді деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары