$ 475.18  510.72  5.47

«Реал Мадрид» — Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы (ВИДЕО)

Төрткүл дүние көз тіккен Чемпиондар лигасының финалдық матчында королдік “Реал Мадрид" командасы мен дортмундық “Боруссия” ойнап, “Реал Мадрид” командасы жеңіске жетті. 

Фото: instagram.com/realmadrid
Фото: instagram.com/realmadrid

“Реал Мадрид” футбол клубы “Дортмунд Боруссияны” жеңіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық ойын Англия астанасы Лондон қаласындағы "Уэмбли" стадионында өтті.

Тартысты бәсекеде Реал Мадрид Боруссия Дортмундтан 2:0 есебімен басым түсті.

Ойынның бірінші бөлігінде Боруссия басымдық көрсетcе, екінші бөлімінде Реал қарқын қосты.

Реалда Дани Карвахаль есепті ашып, Винисиус еселеді.

Осылайша, мадридтік Реал Чемпиондар Лигасының 15 дүркін жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары