23.05.2026, 16:30

82 адам қаза тапты: Көмір шахтасында газ жарылысы болды (ВИДЕО)

Фото: Фото © Flickr/ILO in Asia and the Pacific

Қытай орталық теледидарының нақтылауынша, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында газ жарылысынан қаза тапқандар саны 82 адамға жетті, деп хабарлайды Xinhua. 

Оқиғаға кінәлілер заңға сәйкес «бақылауға алынғаны», ал құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқаны атап өтілді.

Қосымша мәлімет келтірілген жоқ.

Агенттік бұған дейін сегіз кеншінің қаза тауып, 38 адамның жер астында қалып қойғанын хабарлаған болатын.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға 22 мамырда жергілікті уақытпен шамамен сағат 19:29–да Чанчжи қаласының Циньюань уезіндегі (Чанчжи қалалық округі) Tongzhou Group-тың «Люшэньюй» шахтасында болған. Бұған дейін 50-ден астам адам қаза тапқаны туралы ақпарат түсті.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин зардап шеккендерді құтқару және емдеу бойынша барлық күш-жігерді жұмсауды, сондай-ақ болашақта осындай ірі апаттардың алдын алу үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырды. Премьер-министр Ли Цян де қайғылы оқиғаға байланысты тиісті нұсқаулар берді.

Тегтер: жарылыс шахта