03.07.2026, 11:00

Венесуэлада 2595 адам қаза тапты

Фото: EFE

189 ғимарат қирады.

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595-ке жетті, 12 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Синхуаға сілтеме жасап. 

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес жер сілкіністерінен 2595 адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам жарақат алғанын мәлімдеді.

189 ғимарат қирады.

1 шілдеде Делси Родригес жер сілкінісі құрбандарына жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Ол сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00–де күшіне енді. 

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Венесуэланың солтүстігінде, астанасы Каракастың батысында 39 секунд аралығында 7,2 және 7,5 магнитудалы екі жер сілкінісі болды. Бұл 125 жылдағы елдегі ең қуатты жер сілкіністері болды. Олардан кейін ондаған афтершоктар тіркелді.