$ 473.59  544.68  5.94

Әуеден шолу жасауға шыққан ұшақ апатынан 13 турист көз жұмды

Бортта Италия, Германия және Испания азаматтары болған. Экипаж мүшелері Перу азаматтары.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Перуде туристер мінген жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бортта Италия, Германия және Испания азаматтары болған. Экипаж мүшелері Перу азаматтары. Ұшақ әлемге әйгілі Наска геоглифтерін әуеден тамашалауға арналған экскурсиялық шолу жасауға бағыт алған.

Апатқа дейін ұшқыш дабыл белгісін жіберген. Алайда бірнеше минут өткен соң ұшақпен байланыс үзілген. Қазір апатқа не себеп болғаны тергеліп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0