26.08.2026, 14:40

Пәкістандағы ауруханада өрт: 15 сәби қаза болды

Фото: TheNorthTruth

Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдеді.  

Исламабадтағы Пәкістан медициналық ғылымдар институтының (PIMS) неонаталды бөлімінде өрт шығып, 15 сәби қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдеді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт таңғы уақытта бөлімдегі кондиционер компрессорының жарылуынан басталған.

Төтенше жағдай салдарынан 15 нәресте көз жұмып, бір сәби ғана аман қалған. Өрт сөндірілген, қазір ғимаратта тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылды.