$ 450.91  522.69  5.33

Непалдағы су тасқыны: білім саласын қалпына келтіруге $15 млн қажет

Бұл туралы The Kathmandu Post басылымы жазды. 

Фото: Xinhua
Фото: Xinhua

Непал билігі жойқын су тасқынынан зардап шеккен білім беру инфрақұрылымын қалпына келтіруге 2,34 млрд непал рупиясы, яғни шамамен 15,3 млн доллар қажет екенін мәлімдеді. Табиғи апат салдарынан 9 мыңнан астам оқушының білім алуына кедергі келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы The Kathmandu Post басылымы жазды.

Залал көлемін Ұлттық жоспарлау комиссиясы мен Табиғи апаттар қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық басқарманың жетекшілігімен құрылған техникалық топ бағалаған.

Расува ауданында 18 мектеп зардап шеккен. Оның 11-і толығымен қираса, жетеуі зақымданған. Мектеп ғимараттарымен бірге оқу құралдары, жиһаздар және басқа да мүлік жойылған. Оқу процесін шұғыл қалпына келтіруге 688 мың доллар, ал ұзақ мерзімді қайта жаңғыртуға 14,7 млн доллар қажет.

Үкімет су тасқынынан ата-анасынан немесе қамқоршысынан айырылған, сондай-ақ баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған балаларға арнайы шәкіртақы бағдарламасын да енгізді.

Табиғи апат елдің басқа да инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтірген. Алдын ала есеп бойынша, барлық нысандарды қалпына келтіруге шамамен 4,74 млрд доллар қажет. Оның ішінде 69 шақырым жол, 33 автокөлік көпірі және 64 жаяу жүргіншілер көпірі зақымданған.

Бұған дейін бұл сома 4-5 млрд доллар шамасында болады деген болжам айтылған еді. Дегенмен Дүниежүзілік банк пен өзге сарапшылар жүргізетін толық бағалаудан кейін шығын көлемі өзгеруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0