$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Шахта жарылып, бір адам қаза тапты

Тау жыныстары 1 040 метр тереңдікте опырылып, құтқарушылар қаза тапқан адамның денесін алып шықты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ресейдің Свердлов облысындағы «Черемуховская-Глубокая» шахтасында тау жыныстары опырылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Свердлов облысының прокуратурасы хабарлағандай, опырылым 1 040 метр тереңдіктегі горизонтта болған.

Арнайы қызмет мамандары үйінді астынан өмір белгілері жоқ ер адамның денесін алып шықты.

Жұмыстар опырылым болған учаскеде ғана уақытша тоқтатылды.

Прокуратура тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптары мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуына баға беру үшін бақылау шараларын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0