Онда қызметкерлердің жүргізушілерден тауарды шекарадан өткізгені үшін жүйелі түрде ақша алып отырғаны анық көрінген.
Қырғызстан шекара бекеттерінде жүйелі түрде пара алып келген кеденшілер мен шекарашылар ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Баткен облысы Лейлек ауылының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы kaktusmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Қырғызстан президенті Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жасырын камераға түсірген видеожазбаларын көргенін айтты. Онда қызметкерлердің жүргізушілерден тауарды шекарадан өткізгені үшін жүйелі түрде ақша алып отырғаны анық көрінген.
Күні кеше 15 кеденші мен шекарашы ұсталды. Контрабанданы өткізіп, ақша алады. Жасырын камера 15 күн тұрды, күн сайын ақша жинау конвейер секілді жұмыс істеген. Жүргізушілер кіріп, ақша қалдырып кетеді, кейін кеденші оны қалтасына салады. Артынша шекарашы кіріп, ақшаны қалтасына басады. Қазір олар түгел қамауда отыр, – деп мәлімдеді Садыр Жапаров.
Садыр Жапаров 2020 жылдан бері Кеден және Шекара қызметтерінен контрабанданы мүлдем жоюды қатаң талап етіп келе жатқанын атап өтті. Президенттің пікірінше, елге кіретін барлық тауар заңға сәйкес міндетті түрде рәсімделіп, тиісті төлемдер толық көлемде мемлекеттік қазынаға түсуі тиіс.
Бұған дейін қырғыз елінің көшбасшысы осындай қатаң бақылау мен заңсыз схемалардың жолын кесудің арқасында кедендік түсімдері 30 миллиард сомнан 160 миллиард сомға дейін өскенін хабарлаған болатын. Құқық қорғау органдары шекарадағы заңбұзушылықтарға қарсы күресті бұдан әрі жалғастырады.