SpaceX акцияларының сейсенбі күні 3 пайыз құлдырауы Илон Масктың триллионер мәртебесінен айырылуына себеп болды. Акция құнының төмендеуінен кәсіпкердің байлығы шамамен 28,6 млрд долларға кеміген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы
Сейсенбі күнгі дерекке сай, Илон Масктың таза байлығы 977,2 млрд долларға бағаланған. Бұған қоса Tesla компаниясының акциялары да 0,5 пайыз арзандады.
Илон Масктың дәулеті өзі иелік ететін екі компанияның — SpaceX пен Tesla-ның қаржылық көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Тамыз айында реттеуші органдарға ұсынылған құжаттарға сәйкес, кәсіпкер SpaceX акцияларының шамамен 48,4 пайызына, ал Tesla акцияларының 11 пайызына иелік етеді.