15.10.2026, 16:20

Қаза тапқандар бар: Қатты нөсер салдарынан Ыстамбұл көшелерін су басты (ВИДЕО)

Фото: ЖИ

Қатты нөсер Ыстамбұл көшелері мен тұрғын үйлерді су басуына себеп болды.

Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы барлық білім беру мекемелерінде келесі күнгі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қатты нөсер Ыстамбұл көшелері мен тұрғын үйлерді су басуына себеп болды. Су ағыны көліктерді алып кетіп, кейбір жолдарда қозғалыс қиындады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 14 жастағы жасөспірім мен 35 жастағы ер адам қаза тапқан. Бұл туралы TRT Haber хабарлады.

Эйюпсултан ауданында жолдың бір бөлігі опырылды. Есенюрт ауданында су ағыны алып кеткен әйелді куәгерлер құтқарып қалды. Сарыер ауданында да су көліктерді алып кеткен.

Ыстамбұл губернаторы Давут Гүл тұрғындарды үйден себепсіз шықпауға, көлікпен жүруден бас тартуға және су басу қаупі бар аумақтардан аулақ болуға шақырды.

Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы барлық білім беру мекемелерінде келесі күнгі сабақтар тоқтатылды.