$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Макрон жаппай тәртіпсіздіктен кейін Франция халқына үндеу жасайды

Ел президенті жаппай тәртіпсіздік пен наразылық басталған күннің ертесінде республика халқына үндеу жасамақ.

Фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images
Фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Франция президенті Эмманюэль Макрон 18 қазан күні Париж уақытымен сағат 20:00-де халыққа үндеу жасайды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы. 

Ел президенті жаппай тәртіпсіздік пен наразылық басталған күннің ертесінде республика халқына үндеу жасамақ.

17 қазанда Францияның түкпір-түкпірінде жаппай наразылық акциялары өтті. Оған "сары кеудешелілер" қозғалысының өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер, фермерлер мен кәсіподақ мүшелері қатысты.

Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылыққа шамамен 550 мың адам қатысқан. Оның 110 мыңға жуығы Парижде жиналған. Ал CGT кәсіподағын қоса алғанда, акция ұйымдастырушылары қатысушылар саны 800 мыңға жеткен.

Елдің Сауда және дистрибуция федерациясының мәліметінше, елдегі тәртіпсіздіктер бизнеске жүздеген миллион еуро көлемінде шығын әкелген.

France Info дерегіне сенсек, 1,5 мың сауда нысаны зардап шеккен.

Наразылық акцияларының салдары премьер-министр Себастьян Лекорню шақыратын ведомствоаралық дағдарыс штабының отырысында талқыланады.

Жиында наразылық акцияларының экономикаға, сауда және сақтандыру салаларына келтірген зардабы, сондай-ақ құқықтық шаралар мәселесі ортаға салаынады. 

Себастьян Лекорню Париж, Лион және Марсель қалаларының әкімдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0