28.10.2026, 16:40

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 50-ге жуық адам қаза тапты

Фото: Choque de trenes en Los Yébenes (Toledo)

Апатқа ұшыраған пойыздардың бірі мемлекеттік Renfe компаниясына, екіншісі жеке Iryo операторына тиесілі.

Испанияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 46 адам қаза тапты. Құрбандар саны әлі де артуы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы испаниялық El Español басылымына сілтеме жасап.

Апат 28 қазан, сәрсенбі күні таңертең Толедо провинциясында, Лос-Йебенес пен Урда елді мекендерінің арасындағы теміржол учаскесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі пойыз да Андалусия бағытында қозғалып бара жатқан. Испанияның теміржол инфрақұрылымына жауапты ADIF компаниясының хабарлауынша, пойыздардың бірі екіншісімен соқтығысқан. Салдарынан екі вагон рельстен шығып, еңіске құлаған.

Апатқа ұшыраған пойыздардың бірі мемлекеттік Renfe компаниясына, екіншісі жеке Iryo операторына тиесілі.

Оқиғадан кейін Мадрид пен Андалусия арасындағы жоғары жылдамдықты теміржол желісінде пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Тегтер: поезд Испания