03.11.2026, 10:20

Колумбиядағы жойқын жарылыстан екі айлық сәби қаза тауып, 18 адам жараланды (ВИДЕО)

Оқиға салдарынан тағы 18 адам жарақат алған. 

Колумбияның орталық-батысында болған жойқын жарылыс салдарынан төрт адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында екі айлық сәби де бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға салдарынан тағы 18 адам жарақат алған. Сондай-ақ 177 тұрғын үйге зақым келіп, жергілікті аурухана ғимаратының шамамен 80 пайызы қираған.

Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адамдар жүк көлігіне орнатылған жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Бұдан бөлек, дрондардың көмегімен газ баллондарынан жасалған зымырандар атылған.

Қазіргі уақытта билік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Ел президенті заңсыз қарулы топтарға қарсы әскери операцияларды күшейтетінін мәлімдеді.