16.11.2026, 10:20

Иранда жұмысшылар мінген автобус аударылып, 12 адам қаза тапты

Фото: IRNA

Қазіргі уақытта автобустың жолдан шығып, аударылуына не себеп болғанын арнайы комиссия анықтап жатыр.   

Иранның Илам провинциясында мұнай-химия кәсіпорны қызметкерлерін тасымалдаған автобус жол апатына ұшырап, 12 адам қаза тапты. Тағы 15 жолаушы түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Anadolu басылымы мәлімдеді. 

Fars агенттігінің мәліметінше, автобуста Дехлоран ауданындағы NGL газ өңдеу және мұнай-химия кәсіпорнының жұмысшылары болған. Олардың басым бөлігі Абданан ауданының тұрғындары.

Қайғылы оқиға Иранның батысындағы Дехлоран ауданына қарасты Дешт-Аббас елді мекені мен Абданан ауданының Мурмури қаласын жалғайтын тасжолда болған.

Алғашқы ақпаратта жол апатынан бес адам қаза тауып, 17 адам жарақат алғаны айтылған. Кейін қаза болғандар саны 12-ге жеткен.

Қазіргі уақытта автобустың жолдан шығып, аударылуына не себеп болғанын арнайы комиссия анықтап жатыр.