21.11.2026, 21:30

Ыстанбұлдағы Айя-София мешітінің астынан 9 жерасты өткелі табылды

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазіргі уақытта ұзындығы 420 метр болатын бөлігі тазартылған.

Ыстанбұлдағы әйгілі Айя-София мешітінің астында жүргізіліп жатқан ауқымды зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары кезінде мамандар 9 жерасты өткелі анықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Yeni Safak басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ұзындығы 420 метр болатын бөлігі тазартылған. Жұмыс барысында жер астынан шамамен 3 мың тонна топырақ пен құрылыс қалдықтары шығарылған. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған жерасты жолдарының бірі әйгілі Базилика цистернасына дейін жалғасуы мүмкін.

Қазір мамандар жер асты нысандарын зерттеуді жалғастырып, тоннельдерге келіп жатқан судың қайдан шығатынын анықтап жатыр.

Тегтер: Түркия мешіт