$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

АҚШ-та мыңнан астам рейс кешіктірілді

Техникалық ақаулар 22 қараша, жексенбі күні, Алғыс айту күні қарсаңында болып отыр.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

АҚШ-тағы Delta Air Lines әуе компаниясының мыңнан астам рейсі автоматтандырылған салмақ өлшеу мен балансын есептеудің жүйесіндегі ақауға байланысты кешіктірілді. Бұл туралы DW жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Техникалық ақаулар 22 қараша, жексенбі күні, Алғыс айту күні қарсаңында болып отыр.

Таңертең әуе компаниясы рейстердің ұшуын қамтамасыз ету үшін салмақты уақытша қолмен есептеуге көшкенін хабарлады. Артынша автоматты жүйенің жұмысы да қалпына келтірілді.

FlightAware мәліметтері бойынша, жексенбі күні кешке қарай Delta компаниясының 2 мыңдай ұшағы, немесе рейстердің 58%-ы кешіккен. Әуе компаниясы рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының шамамен 70%-ы техникалық ақауларға, ал қалғандары қолайсыз ауа райына байланысты екенін мәлімдеді.

Әуе компаниясы жолаушыларды ыстық тамақпен, қонақ үймен қамтамасыз етуге қолғабыс еткен. Федерал азаматтық авиация басқармасының (FAA) талаптарына сәйкес, ұшақтың салмағы мен балансына қойылатын шектеу ұшудың қауіпсіздігі үшін шешуші маңызға ие.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0