$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда ағайындылар тоңазытқышта көз жұмды

Ағайындылар аяқ асты көзден таса болыпты, ата-анасы тоңазытқыштан тапқанда бәрі кеш еді.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Михайловка ауылында қайғылы оқиға болды. Төрт және алты жасар ағалы-інілі аулада ойнап жүріп, аяқ асты жоғалып кеткен, деп жазады sputniknews.kz Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасап.

Балаларды жергілікті уақыт бойынша 11:55-те іздей бастайды, өкінішке орай, бес сағаттан соң бір-ақ тапқан. Ағайындылар ауладағы ескі тоңазытқышқа қамалып қалыпты.

Бастапқы деректер бойынша, балалар ойнап жүріп, тоңазытқышқа кірген. Ауыр есік, қатты жабылып қалған соң, екеуі ішінен аша алмапты.

Қайғылы оқиға 3 маусымда болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары