$ 494.87  520.65  4.91

Баласынан айрылған ата-ана өзге сәбиді жерлеген

Канаданың Виннипег қаласында ата-анасы өзге біреудің баласын жерлеп тастаған. Оған дәрігерлердің қателігі себеп болыпты.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлады. 

19 сәуірде Элис Кинак пен Тони Алагалактың жаңа туған нәрестесі қалалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Өкінішке орай, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмапты. Арада бірнеше күн өткеннен кейін нәрестенің мәйіті ата-анасына табысталған. 

15 мамырда дәрігерлер қайғы жамылған отбасыға хабарласып, аурухана қызметкерлерінің шатасып, оларға өзге біреудің сәбиінің мәйітін беріп жібергенін айтады. Олар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін, жерленген нәрестенің мәйітін қазып алу керектігін айтыпты. 

«Болған оқиғаға кімнің кінәлі екенін және мұндай жағдайдың қалай орын алғанын білгім келеді», - дейді Алагалак.

Ал аурухана өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары