АҚШ-тағы География атауы кеңесі Киевтің жазылу нұсқасын халықаралық базада өзгертпек. Бұл жөнінде Вашингтондағы Украина елшілігі Facebook парақшасында хабарлады, деп жазды Рамблер.
Дипмиссияның айтуынша, АҚШ Украина астанасының атауын «Kiev»-тен «Kyiv»-ке ауыстырмақ.
Осы атау халықаралық базаға 17 маусымда енгізілмек.
Ал, Украина елшілігі АҚШ-тың бұл шешімін «маңызды» деп есептейді.
Сондай-ақ, Киевтің бір көшесіне АҚШ-тың бақилық сенаторы Джон Маккейннің атын бермекші.