15.06.2019, 17:29

Әйел күйеуінен үй шаруасымен айналысқаны үшін 160 млн теңге алыпты

Фото: ruherald.com
Басылым мәліметінше, ерлі-зайыпты 2009 жылы бөлек тұруды ұйғарып, 2011 жылы ажырасып кеткен.

Әйел үй шаруасымен айналысқаны үшін күйеуінен 160 млн теңге өтемақы өндіріп алды, деп жазады Stan.kz Newsweek басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ерлі-зайыпты 2009 жылы бөлек тұруды ұйғарып, 2011 жылы ажырасып кеткен. Әйел ажырасқаннан кейін қаржылық қиындықтарды бастан өткерген. Ал бұл кезде күйеуі «шалқып-тасып өмір сүріпті».

Әйел тұрмысқа шықпас бұрын ЖОО-ның экономика факультетін бітіріп, дипломы бар маман атанған. Алайда ол отбасы үшін мансабынан бас тартыпты. Сонымен қатар әйел ажырасқан кезде жасы 60-тан асыпты. Мұндай жаста оны еш жерге жұмысқа алмайтыны анық. Судья Виктория Фама осы жайттарды ескерген екен. Осылайша, ол ер адамды бұрынғы әйеліне 8 млн песо (160 млн теңгеде аса) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Отбасылық құқық бойынша сарапшы Эдуардо Сиркин аталған соманы «теңдессіз» деп атады.

«Егер ажырасудың адамға әсерін дәлелдей алсаңыз, қаржылық өтемақы алуға құқығыңыз бар», - дейді ол.