$ 494.87  520.65  4.91

МакГрегор және «Канелоның» промоутері Джастин Бибер мен Том Круздың жекпе-жегін ұйымдастыруды ұсынды

Сонымен бірге, МакГрегор өзге Голливуд актері, боксты сүйетін Марк Уолбергке андеркардта жұдырықтасуды ұсынды.
Фото: Vesti.kz
Фото: Vesti.kz

25 жастағы канадалық әнші Джастин Бибер 56 жастағы америкалық актер Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бибер бұл кездесуді UFC басшысы Дана Уайтқа ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады, деп жазды Vesti.kz LA Times-қа сілтеме беріп.

«Том Крузды октагонға шақырамын. Том, егер мұны қабыл алмасаң, қорыққаның деп білемін. Мұның масқарасынан ешқашан арыла алмайсың. Жекпе-жекке кім дайын?», - деп жазған Бибер өз Твиттеріндегі-парақшасында.

Golden Boy басшысы Оскар Де Ла Хойя бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға бірден келісті. Себебі ол былтырдан бері бокстан бөлек ММА-да жұмыс істеп бастаған. 
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор де бұл жекпе-жекті ұйымдастырғысы келетінін айтты.

«Том Круз мұны қабылдай алатындай еркек болса, McGregor Sports and Entertainment бәрін ұйымдастырады. Круз кинодағыдай төбелесуіне батылы жетер ме екен?», - деп жазды МакГрегор.

Сонымен бірге, МакГрегор өзге Голливуд актері, боксты сүйетін Марк Уолбергке андеркардта жұдырықтасуды ұсынды.

«Сол кардта жұдырықтасуға шақырамын. Марк әлі Марки Марк боп жүрген кезінде де мен оның құлағын жұлып, UFC-дегі акцияларымды алып кетер едім», - деп жазған ирландиялық спортшы.

Әзірге Бибердің неге Крузды жекпе-жекке шақырғаны нақтыланбады, ал актердің өзі бұл мәлімдеге жауап берген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары