26.06.2019, 15:00

Еуропалық парламент депутаты Арыс оқиғасына байланысты көңіл айтты

Фото: Baltnews
«Өз басым жергілікті жұрттың бауырмалдылығына тәнті болдым, жалпы халықтың қолдау көрсеткені ерекше әсер қалдырды», - деді Еуропалық парламент депутаты Андрей Мамыкин.

Арыстағы қайғылы оқиға Еуропалық парламент өкілдерін де бей-жай қалдырмады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Еуродепутаттар жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккен жергілікті тұрғындарға дер кезінде көрсетілген көмекті жоғары бағалады. 

«Арыстағы төтенше оқиғада қаза болғандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақпыз. Жарақат алғандардың тез сауығып кетулерін тілейміз. Әйелдер мен балалардың өмірін арашалап қалған құтқару қызметінің жұмысына жоғары баға беріп отырмыз. Телеарналар мен интернет желісінен оқиғаның қалай болғанын көрдім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да бұл жағдайды өз бақылауына алғанын білдік. Өз басым жергілікті жұрттың бауырмалдылығына тәнті болдым, жалпы халықтың қолдау көрсеткені ерекше әсер қалдырды», - деді Еуропалық парламент депутаты Андрей Мамыкин.