01.07.2019, 12:45

Қайтыс болған баланың ағасы дәрігерге пышақ салмақ болған

Фото: Корреспондент.net
26 жастағы жігіт хирургты інісін өлтірді деп айыптайды.

Өзбекстанның Жызақ қаласындағы балалар ауруханасында қайтыс болған 14 жастағы баланың үлкен ағасы дәрігерге пышақ салмақ болған, деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі

26 жастағы жігіт хирургты інісін өлтірді деп айыптайды.

Оқиға 29 маусымда Жызақ қаласындағы балалар ауруханасында болған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен дәрігер ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.

26 жастағы жігіт күдікті ретінде ұсталған. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға болардан бір күн бұрын сол ауруханада күдіктінің інісі операция үстінде көз жұмған.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2017-2018 жылдары 300 дәрігерге науқастың туыстары тарапынан шабуыл жасалған.