Гондурас жағалауында балық аулайтын кеменің апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбі күні La Tribuna газеті республиканың қарулы күштерінің өкілі Хосе Доминго Месуге сілтеме жасап хабарлады.
Оның дерегі бойынша, кеме бортында барлығы 73 адам болған. Соның ішінде 47-сі құтқарылған.
Лонгустарды аулаумен айналысатын кеме Грасияс-а-Дьос департаментінің солтүстік бағытында суға батқан. Құтқару операциясы жергілікті уақытпен сәрсенбі күні таңертең басталған.
Кеменің неліктен апатқа ұшырағаны әзірге белгісіз.
Дереккөз: ҚазАқпарат