Әлем 06.07.2019 сағат 15:20

Зейнеткер кинотеатрда қорқынышты кино көріп отырып көз жұмды

Фильм аяқталған соң залда жарық жанғанда, креслода қатар отырған көрермен зейнеткердің өлі екенін байқайды.
Зейнеткер кинотеатрда қорқынышты кино көріп отырып көз жұмды
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлыбританиялық зейнеткер қорқынышты кино көріп отырып мерт болды. Оқиға Таиландағы кинотеатрлардың бірінде болды, деп жазды stan.kz.

77 жастағы турист «Аннабелланың қарғысы-3» фильмін тамашалап отырып көз жұмды. Фильм аяқталған соң залда жарық жанғанда, креслода қатар отырған көрермен зейнеткердің өлі екенін байқайды. Ол айқайға басып, залдан қашып шығады. Кинотеатр қызметкерін шақырады. 

«Барлық көрермен шошып кетті. Қорқынышты фильм көріп отырып, олар мәйітпен бірге отырған. Сауда орталығының жұмысшылары өте алаңдаулы күйде жүрді. Олар сырттағыларға жағдайды білдірмеуге, оқиғаны видео-суретке түсірмеуді қадағалады», - дейді Таиланд тұрғыны Монтиры Пхенгра.

Туристтің денесін қосымша есік арқылы шығарып, жедел жәрдем көлігіне берді. Мәйіт аудандық ауруханаға жіберілді. Дәрігерлер туристің не себепті көз жұмғанын анықтайды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар