$ 447.4  477.55  4.76

Қырғызстан азаматы науқас қызының емі үшін дәріхананы тонады (ВИДЕО)

Күдікті милицияға өз еркімен берілгеніне қарамастан, ол қарақшылық үшін бес жылға сотталды, бұған қоса оған 1 мың доллар көлемінде айыппұл салынды.
Фото: centralasian.org
Фото: centralasian.org

Қырғызстандағы Токмок қаласының тұрғыны Замир Кожоканов дәріханадан 350 доллардың заттарын тонаған. Күдікті милицияға өз еркімен берілгеніне қарамастан, ол қарақшылық үшін бес жылға сотталды, бұған қоса оған 1 мың доллар көлемінде айыппұл салынды, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі

Күдіктінің айтуынша, бұл қылмысқа ол науқас қызына дәрі табу үшін барған. Бірақ кейін жасаған әрекетінің дұрыс еместігін түсінген.

Замир Кожокановтың айтқандары әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір-талас туғызды. Қолданушылардың дені сот ауыр жазаны жеңілдетеді деп үміттенеді.

Сотталушының анасының айтуынша, сол күні Замир қызына дәрі алуға дәріханаға барған, бірақ ақшасы болмаған. Дәріханада ол кепілге күртесін қалдыруды ұсынған, бірақ дәріхана қызметкері бұған келіспеген. Замир дәріханаға кейінірек қайта оралып, фармацевті итеріп жіберіп, кассадан шамамен 350 долларды алып кеткен. Екі күннен соң ол милицияға өз еркімен берілген.

Замир бес жылға сотталды, бұған қоса оған 70 мың сом ($1 мың) айыппұл салынды.

Замирдің ісімен айналысатын заңгерлер сот шешіміне шағым түсіруді көздеп отыр. Сот үкімі күшінде қалса, Замирдің үш баласы мектепке әкесіз барады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары