11.07.2019, 09:27

Лондон шикізат биржаларында мұнай бағасы көтерілді

Фото: korrespondent.net
Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,18 долларға көтеріліп, баррелі 66,72 долларды құрады.

Лондон шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы жоғарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,18 долларға көтеріліп, баррелі 66,72 долларды құрады. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 2,6 долларға көтеріліп, бір баррелі 60,43 доллар болды.

 

Тегтер: мұнай бағасы