$ 449.3  489.69  4.89

Президент кортежі балалар мінген автобуспен соғысты

14 шілдеде ведомствоға тиесілі Volkswagen Transporter микроавтобусы Киевке бара жатқанда жол апатына ұшырапты.
Фото: Телеканал «Звезда
Фото: Телеканал «Звезда

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобустар колоннасына соғылды, деп жазады sputniknews.kz.

Украинаның мемлекеттік күзет басқармасы Facebook парақшасында жазғандай, 14 шілдеде ведомствоға тиесілі Volkswagen Transporter микроавтобусы Киевке бара жатқанда жол апатына ұшырапты. Бірақ Зеленскийдің өзі кортежде болмаған.

Страна.ua басылымының хабарлауынша, жол апаты балаларды демалыстан әкеле жатқан автобустар колоннасын Владимир Зеленский кортежінің екі Volkswagen Touareg көлігі мен президенттің қауіпсіздік қызметі микроавтобусы оза бастағанда болыпты.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары