- АҚШ пен өзге де F-35 [бағдарламасына қатысушы] әріптестер Түркияның бұл бағдарламаға қатысуын тоқтатып, ресми түрде шығарып тастау процедурасын бастау туралы шешімге тоқтады, - деді АҚШ-тың қорғаныс вице-министрі Эллен Лорд. Түркия АҚШ-тың санкция салу туралы ескертуіне қарамастан 12 шілде күні С-400 кешенінің үш бөлігін, 13 шілдеде төртіншісін Ресейден қабылдап алған.
Анкара F-35 жойғыш ұшағының кейбір бөлшектерін жасап келген, Вашингтон енді басқа тапсырыс жеткізуші іздемек. 16 шілде күні президент Дональд Трамп С-400 сатып алған Түркияға ендігәрі F-35 сатылмайтынын айтқан. АҚШ Түркияға экономикалық санкция салу-салмау туралы шешімін әлі жариялаған жоқ.