18.07.2019, 10:54

34 жастағы ер адам құсу үшін тамағына шанышқы тығып, оны жұтып қойған

Фото: Stan.kz
Алкогольдік ішімдік ішкеннің ертесінде ер адам құспақ болған. Аузына екі қолын салса да, құса алмапты.

Қала маңындағы Красногорскіде шанышқы жұтып қойған ер адамға дәрігерлер ота жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі НТВ арнасына сілтеме жасап. 

Облыстық Денсаулық сақтау баспасөз қызметінің хабарлауынша, шанышқы жұтқан 34 жастағы ер адамды №1 қалалық ауруханаға алып келген.

Алкогольдік ішімдік ішкеннің ертесінде ер адам құспақ болған. Аузына екі қолын салса да, құса алмапты. Сөйтіп ол құсу үшін шанышқыны тамағына тыққан. Бірақ абайсызда шанышқыны жұтып қояды.

Дәрігерлер ер адамның асқазанына шұғыл түрде ота жасап, шанышқыны алып шықты. Науқас бес күннен кейін үйіне жіберілді.