18.07.2019, 14:17

Атасы жаңа туған немересіне алкогольдік ішімдік беріп өлтіріп қойды

Фото: ОНТ
Дәрігерлер сәбидің ішімдіктен уланғанын анықтады.

Қытайдың Пекин қаласында атасы жаңа туған немересіне алкогольді ішімдік беріп өлтіріп қойды, деп жазады Stan.kz.

Достары мен туыстары жаңа туған сәбидің 1 айға толғанын атап өтеді. Сәбидің атасы бокал көтеріп, тост сөйледі. Сол кезде келген қонақтардың бірі атасының немересінсіз ішімдік іше алмайтынын айтып әзілдеген.

Осы кезде ер адам сәбиге бокалдан ішімдік ішкізіп көреді. Анасы дереу баласын қолына алады. Сәлден соң сәби тыныс ала алмай алқынады. Баланы ауруханаға жеткізгенімен дәрігерлер құтқарып қала алмады. 

Дәрігерлер сәбидің ішімдіктен уланғанын анықтады.