$ 494.87  520.65  4.91

Теңізге шомылған 66 жастағы қарияны бактериялар жеп қойды

Бактериядан көз жұмған ер адамның қызы бұл оқиғаны адамдарға қауіптің алдын алу үшін айтыпты. Ол әкесі теңізде шомылған кезде қауіпті бактериялар туралы ескерту белгісі болмағанын айтады.
Фото: Бавлы-информ
Фото: Бавлы-информ

66 жастағы америкалық Дэйв Беннет теңізге шомылып, қауіпті бактерия жұқтырған. Ол екі күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды sputniknews.kz Metro басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға АҚШ-тың Флорида штаты Дестин қаласында болған. 66 жастағы ер адам теңізге шомылған соң, денесінде қызыл дақтар пайда болыпты. Бірнеше сағаттан соң дақтар қарайып кеткен. Салдарынан Дэйв Беннеттің температурасы көтеріліп, қалтырай бастаған, деп хабарлайды.

Медиктер ер адам мәйітін сараптамадан өткізген соң, оның қаны бұзылғанын анықтаған. Ішкі органдарына да зақым келген. Дэйв Беннеттің өліміне Vibrio vulnificus (вибриондар) бактериялары себеп болған.

Дәрігерлер бұл бактериялар тұзды суда мекендейтінін, холера ауруын тудыратынын айтады. Сондай-ақ, олар ашық жараға түскен соң, сау тіндерді зақымдайды.

Ал Дэйв Беннет туыстары оның денесінде ашық жара болмағанын айтады. Бірақ ол қатерлі ісікпен ауырған, содан иммунитеті төмендеген.

Бактериядан көз жұмған ер адамның қызы бұл оқиғаны адамдарға қауіптің алдын алу үшін айтыпты. Ол әкесі теңізде шомылған кезде қауіпті бактериялар туралы ескерту белгісі болмағанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары