$ 498.34  519.72  4.85

Еурокомиссияның жаңа басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың Ресейге санкция салу саясатын қолдайды

2018 жылы наурыз айында Путинді ендігәрі әріптес санамайтынын, бірақ жауласуға да дайын емес екенін жеткізген.

Еурокомиссияның жаңа басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың Ресейге санкция салу саясатын қолдайтынын жеткізді. "Көп жағдайда Мәскеудің жауласу саясатына куә болып отырмыз" деді ол италиялық La Repubblica басылымына берген сұхбатында.

 "Біздің артықшылығымыз - ашықтық, баспасөз еркіндігі және ашық пікірталас" деді Еурокомиссия төрайымы.

Ресейлік РБК сайтының жазуынша, Германияның қорғаныс министрі болып тұрған кезде де фон дер Ляйен Мәскеумен диалог орнатып, қажет кезде санкция салуды қолдайтынын білдірген. 2018 жылы наурыз айында Путинді ендігәрі әріптес санамайтынын, бірақ жауласуға да дайын емес екенін жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары