Украина президенті Владимир Зеленский Қорғаныс министрі Степан Полторактың кеудесінен итеріп жіберген видео таралып кетті. Бұл туралы украиналық белсенді Денис Котенка Twitterпарақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға әскери қызметкерлерге арналған мобильді тұрғын үй модульдерін таныстыру кезінде орын алған. Алдымен Зеленский қатысушыларға сәлем берген. Содан кейін Қорғаныс министрі жағына қарай оқыс қимыл жасайды.
Кейбір украиндық басылымдар осыдан кейін президент Қорғаныс министрінің баяндамасын күлімсіреп тыңдағанын атап өтті. Сондай-ақ, желі пайдаланушылары Украина президентінің бұл қимылын кеудеден итеру деп пікір білдірді.
Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Виктория Кушнир InfoResist мәлімдемесінде Зеленскийдің Полторакты итермегенін айтты.
"Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Зеленский президент кеңсесі басшысының орынбасарымен жақын тұру үшін Полторак пен Хомчак кері шегінгенді", - деді Виктория Кушнир. Кушнир президент қатал болғанын айтты.
"Диалог кездесу барысында президент сындарлы болды".
Айта кетейік, бүгін Украинаның 11 елдегі елшілерінің жұмыстан босатылғаны белгілі болды. АҚШ-тағы Украина елшісі де қызметінен босатылды.