21.07.2019, 12:40

Украинада парламент сайлауы басталды (ТІКЕЛЕЙ ЭФИР)

Фото: LIGA.net
Сайлауға 20-дан астам партия қатысып жатыр. «Рейтинг» әлеуметтiк топтарының есебiне сәйкес, бес пайыздық межеге олардың бесеуі жетуі мүмкін.

Украинаның Жоғарғы радасына кезектен тыс сайлау басталды. Бюллетеньде 22 партия көрсетілген, деп жазады sputniknews.kz.

Депутаттар корпусының жартысы (225 адам) партиялық тізім бойынша, ал жартысы мажоритарлық округтерде сайланады.

Сайлауға 20-дан астам партия қатысып жатыр. «Рейтинг» әлеуметтiк топтарының есебiне сәйкес, бес пайыздық межеге олардың бесеуі жетуі мүмкін.

Орталық сайлау комиссиясы 1719 ресми бақылаушыны тіркеді. Оның ішінде 22 халықаралық ұйымнан 1660, 12 шет елден 117 бақылаушы бар.