29.07.2019, 17:00

Әйгілі футболшы Мессиге түнгі клубта шабуыл жасалды (ВИДЕО)

Фото: Soccernews.ru
Аралдағы түнгі клубтың бірінде 32 жастағы футболшы өз әйелімен билеп жүрген.

Әйгілі футболшы Лионель Мессиге белгісіз біреу шабуыл жасамақ болды, деп хабарлайды Eurosport.ru.

Барселона футбол клубы мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Америка кубогындағы ойындарынан кейін Ибица аралында демалып жүр. 

Аралдағы түнгі клубтың бірінде 32 жастағы футболшы өз әйелімен билеп жүрген. Бірақ әлдекім демалушылардың арасынан атып шығып, Леоға шабуыл жасамақшы болған. Алайда күзетшілер бұзақыға тойтарыс беріп, Мессиді түнгі клубтан алып кетті.