Сібірлік шамандар тоқтаусыз жанған өртті дұғамен сөндірмек. 40 шақты шаман 4 тамыз күні жиналады, деп жазады Stan.kz.
Бурятия, Забайкалье, Иркутск облысынан жиналған шамандар 4 тамыз күні Ольхов аралына барады. Олар Сібірге жауын жауғызуды сұрап дұға етпек.
Бұл туралы «Тэнгэри» халықаралық шамандар бірлестігі басқармасының төрағасы Баир Цырендоржиев айтты.
31 шілде күні таңертең Ресейде 147 орманды өртті сөндіріп жатыр. Ауқымы 100 мың гектар жерді қамтиды.
Өрттің басым бөлігі Сібірдің Иркутск, Краснояр алқабын алып жатыр.