$ 494.87  520.65  4.91

Президенттің әйелі бір жыл емделіп, қатерлі ісікті жеңді

Бірінші ханым сириялықтарға қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Сирия көшбасшысы Башар Асадтың әйелі Асма Асад бір жылдық емнен кейін қатерлі ісік ауруын жеңді, деп жазады Stan.kz.

«Бір жыл бұрын басталған қатерлі ісікпен күресуде жеңіске жеткен Асма Асад ханымды Сирия Араб Республикасының басшылығы және президенттік аппараты  құттықтайды», - делінген хабарламада.

Бірінші ханым сириялықтарға қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгін мен Сирия телеарнасы арқылы мені қолдаған барша сириялыққа алғысымды білдіремін. Барлық науқасқа, қатерлі ісікпен ауырғандарға сауығуын тілеймін. Сирия мемлекетіне тыныштық пен өркендеу тілеймін», - деп хабарлайды Асму Асад.

Президенттің әйеліндегі сүт безінің қатерлі ісігі 2018 жылдың тамыз айында анықталды. Қаңтардың аяғында дәрігерлер оны жою үшін сәтті операция жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары