$ 445.66  474.58  4.78

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы 2 зымыран ұшырды

Пхеньян бұл жолы жақын қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы 2 зымыран ұшырды. Олар елдің солтүстік-шығысындағы Хамхын қаласынан атылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оңтүстік Кореяның пайымдауынша, Пхеньян бұл жолы жақын қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген. Және де олардың АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуға наразылық ретінде ұшырылғанын айтады. Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні Солтүстік Корея басқарылатын тактикалық 2 зымыранды сынақтан өткізген еді. Олар Жапон теңізінде 450 шақырым жердегі нысанды атып түсірген. Ал сынақты бақылаған Ким Чен Ын бұл АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу-жаттығуына ескерту деп мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары