$ 494.87  520.65  4.91

1,82 миллиард: аула сыпырушы алаяқ компанияның өз атына рәсімдеген несиесін төлеуге мәжбүр

Әйел бірнеше жыл бұрын жұмысқа орналаспақ болады, әңгімелесу кезінде құжаттардың мазмұнымен таныспастан қол қойып жібереді.

Мәскеу маңындағы Воскресенск қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллиард рубль (шамамен 1,8 миллиард теңге) қарыз болып қалған.

Ол «Москва 24» телеарнасына берген сұхбатында баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын және қарыз болуына байланысты жұмыстан босатылғанын айтты.

«Оларға хат келді. Себебін тауып, мені бірден жұмыстан шығарып жіберді. Күйеуіммен бірге тұрмаймын, баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Адвокатқа барып, сотқа арыз бердім. Үйімді тінтті. Дәрі-дәрмекке тәуелді болып қалдым, жүйкем жұқарды», - деді бұрын көше тазалаушы болып жұмыс істеген әйел.

Әйел бірнеше жыл бұрын жұмысқа орналаспақ болады, әңгімелесу кезінде құжаттардың мазмұнымен таныспастан қол қойып жібереді. Сөйтіп аяқ астынан фирманың құрылтайшысы болып шыға келген, ал ол фирманың атына қылмыскерлер кредит рәсімдеген.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, 2016 жылы Мәскеудің Дорогомиловский соты әйелден қарызды өндіріп алу туралы шешім қабылдаған. Енді ол 1,82 миллиард рубль қарызды, сондай-ақ, 127,4 миллион рубль атқарушы алымды (сот үкімін өз еркімен орындау мерзімін сақтамағаны үшін салынатын айыппұл) төлеуге міндетті.

Мәскеу облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Екатерина Семенова әйелге қатысты жағдайды өз бақылауына алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары