$ 494.87  520.65  4.91

Атамбаевтың атыс кезінде қираған үйінің айналасы көрсетілді (ФОТО)

9 тамызда таңертең санитарлық қызметтер Қой-Таш ауылында тазарту жұмыстарын жүргізді.

АКИпресс тілшілері Қой-Таш ауылы мен Қырғызстанның бұрынғы президенті тұрған үйдің қазіргі суреттерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске сала кетсек, Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің өкілдері 8 тамызда Алмазбек Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінен ұстап әкеткен болатын. Оны жақтаған халық Бішкекке барып митинг ұйымдастырмақ болған. Алайда, құқық қорғау органдары наразылық танытуға шықпақ болғандарды жарық-дыбыс гранаталарының көмегімен қуып жіберді.

9 тамызда таңертең санитарлық қызметтер Қой-Таш ауылында тазарту жұмыстарын жүргізді. Қой-Ташқа барар жолда бір қираған автобус және өртенген екі микроавтобус тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары