16.08.2019, 02:32

Жабайы аңдар бар: Омскіде жоғалып кеткен 3 жасар сәби 2 күннен соң табылды (ФОТО)

Сәби аю, қасқыр жабайы аңдары мен қоқысқа толы жерде 2 күн бойы жалғыз қалған.

Омскінің солтүстігіндегі Тайгада 3 жасар Коля Бархатов жоғалып кетіп, 2 күн дегенде ғажайыптың күшімен аман-есен табылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы omsk.kp.ru агенттігіне сілтеме жасап.

Сәби аю, қасқыр жабайы аңдары мен қоқысқа толы жерде 2 күн бойы жалғыз қалған. 

Іздеу жұмысына 2 ерікті мен 4 ОМОН атсалысқан. Адамдарды көрген балақай тек «су ішкім келеді» деген. Басқа ләм-мим демеген, қозғала да алмаған. 

Іздеушілер сәбидің алдымен бас киімін көрген. Кейін ғажайыптың күшімен өзі табылған. Адамдарды көргеніне ол қуаныштан жылап жібіріпті.

Тегтер: омск