$ 498.34  519.72  4.85

Ұлшылдар мен қарсыластары қақтығысып қалды

13 адам қамауға алынған. Шараны мыңнан астам полиция қадағалаған.
фото: elet.media
фото: elet.media

АҚШ-тың Портленд қаласында әсіре оңшылдар шеру өткізіп, солшылдармен қақтығыс болды, деп хабарлайды 24.kz.

13 адам қамауға алынған. Шараны мыңнан астам полиция қадағалаған. Бірақ фашизмге қарсы «Антифа» ұйымының мүшелері ұлтшылдардың жолын бөгеп, бүлік шықты. Солшылдар оңшылдардың шаһарда емін-еркін акция өткізуіне жол бермейміз дейді.

Айта кетейік, АҚШ-тың Орегон штатындағы Портленд қаласы соңғы айларда әсіре ұлтшылдардың жиі бас қосатын жеріне айналған. Сөйтіп солшылдармен текетірес күшейіп, шаһардағы ахуал шиеленісе түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары