$ 498.34  519.72  4.85

470 млн теңге: мысықтың арқасында ер адам лотереядан қомақты қаражат ұтып алды

Үйге жұмысынан кеш келген отағасы Эндрю Хэнкоктың есіне мысығына тамақ алмағаны түседі.

Ұлыбританияның Мэнсфилд қаласында тұратын жұбайлар Эндрю мен Паула Хэнкок мысығына тамақ сатып алуды ұмытқандарының арқасында миллион фунт стерлингке (шамамен 470 млн теңге) ие болды деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үйге жұмысынан кеш келген отағасы Эндрю Хэнкоктың есіне мысығына тамақ алмағаны түседі.

Сөйтіп, жақын маңдағы жанармай құю бекетіне барған ол, сол жердегі сатылып тұрған лотерея билеттеріне тап болады. Хэнкок билетті сатып алған соң, ұтысты тексеру үшін көлікке отырып, өзінің жеңімпаз екенін біледі. Оның ұтысы бір миллион фунт стерлинг болған.

Әзірге, жұбайлар ұтыс ақшасын ұлдарына жаңа телефон алып беру үшін ғана жұмсапты. Олар Австралия мен басқа да шет елдерге баруды жоспарлап отыр. 

Олар өздерімен бірге мысықтарын ала барады ма әлде жоқ па, ол жағы белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұтыс #мысық