Оңтүстік Қытайда Гуандун провинциясындағы магистральда автобус аударылып, жеті адам қаза тапты және 11-і жарақат алды.
Бұл туралы жергілікті билік дүйсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Апат 26 тамыз күні түн ортасында Янцзян қаласында Шэньян-Хайкоу магистралінің учаскесінде болды. Автобус тек 44 адамға арналған. Ал, жол-көлік оқиғасы болған кезде онда 47 адам болған.
Алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханада көз жұмды. 11 адам жеңіл жарақат алды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталып жатыр.