30.08.2019, 15:50

Цунами: жапон шенеуніктері ел арасына барып, отбасымен палаткаға қоныстануға мәжбүр

Сөз жоқ, мұндайда ойыңда біздің шенеуніктер тұрады ғой. Олар осындай тәртіпке көндіге алар ма еді?

Табиғи апаттардан соң Жапонияда қиратылған үйлер тез арада қалпына келеді. Неге? Құдай бетін әрі қылсын, бұл елде мұндай жағдайлар жиі орын алады. Адамдар баспанасыз, панасыз қалады. Мектептің спорт залдарында, палаткаларда тұруға тура келеді, деп жазады «Алматы ақшамы» газеті.

Белгіленген қатаң тәртіп бойынша мұндайда жергілікті әкімшіліктің басшысы (біздіңше ауыл, аудан, облыс әкімі) тура сол жерге отбасымен көшіріледі. Сондай-ақ, күн райына қарамастан, сол жердің ең қирап жатқан тұсына, мектептің спорт залына, басқаға емес, палаткаға қоныстанады. Ол жерге басқа да тиісті шенеуніктер жіберіледі. Сонан кейін шаруа біткен соң шенеунік (әкім, министр) үйіне ең соңынан қайтады.

Жапонияда оқиғадан зардап шеккендердің үй-жайы қалай тез қалпына келтірілетінін осылай түсінуге болады.

Сөз жоқ, мұндайда ойыңда біздің шенеуніктер тұрады ғой. Олар осындай тәртіпке көндіге алар ма еді? Әлде, қалта телефонмен басқарып, не болмаса сырт көз үшін ырымын жасап, ұрын барып қайтуы мүмкін бе?

Айтқандай, бізде қалай екенін қайдам, Жапонияда жергілікті әкімшілік басшысының (әкімнің дейікші) әйелі болу өте қиын.