02.09.2019, 06:00

Әйелі дүкенге кеткен ер адам 2 айлық қызын пышақтап өлтірді

Жантүршігерлік оқиға 31 тамыз күндіз болған.

Ресейдің Саратов қаласында 38 жастағы ер адам екі айлық қызын пышақтап өлтірді, деп жазады  Sputniknews.kz. 

Жантүршігерлік оқиға 31 тамыз күндіз болған.

26 жастағы келіншек екі жасар ұлы мен екі айлық қызын әкесімен қалдырып, өзі дүкенге кеткен. Ер адам әйелінің жоқтығын пайдаланып, қылмыс жасайды. Ол қызын үйдің шатырына апарып, мойнына пышақ сұғып алған. Сәби оқиға орнында көз жұмды.

Белгілі болғандай, сәби туа біткен патологиямен дүниеге келген.

Бұл фактіге қатысты Саратовта қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, деп хабарлады РФ ТК өңірлік басқармасының сайты.

Тегтер: қылмыс Ресей