«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тағы да «Португалияның жыл футболшысы» атағын жеңіп алды, деп жазады Eurosport.ru.
Роналду «Атлетико» шабуылшысы Жоау Фелиш пен «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Бернарду Силваны басып озды.
10-рет жыл ойыншысы атанған Криштиану португалиялық футболшылардың арасындағы рекордтық көрсеткішке ие боп отыр.
«Жылдың үздік футболшысы атағын жеңіп алғаныма қуаныштымын», - деді Роналду.